ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» РҒПО-ның ұйымдастыруымен 2026 жылдың 27-30 сәуір күндері аралығында Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының базасында Қанипа Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиетінен республикалық олимпиадасы өтеді.
Жамбыл облысынан республикалық олимпиадаға облыстық кезеңнен жеңімпаз атанған 9 оқушы қатысады.
Олимпиада 2 айналымда өткізіледі:
◦ І айналым – жазбаша – эссе;
◦ ІІ айналым – ауызша – қазақ тілін, қазақ әдебиетінің шығармаларын, Қ.О.Бітібаеваның өмірбаянын, оның ғылыми мұрасын және публицистикалық еңбектерін білу бойынша.
Облыс оқушыларына сәттілік тілейміз!