МЕНЮ

«Тарих ата» республикалық олимпиадасы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» РҒПО-ның 01.04.2026 жылғы №508/15-11-06 хатына сәйкес 2026 жылдың 23-24 сәуір күндері аралығында «Тарих ата» республикалық олимпиадасы қашықтықтан өтеді.

Олимпиаданың мақсаты – оқушылардың ел тарихы туралы білім деңгейін арттыру және ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеуге ықпал ету.

Олимпиадаға Қазақстан Республикасының барлық білім беру ұйымдарының 5-9 сынып оқушылары Қазақстан тарихы пәні бойынша қатыса алады. Олимпиада тапсырмалары 30 сұрақты құрайды. Олимпиада бір турдан тұрады, онлайн режимінде өткізіледі.

Олимпиаданың ережесі https://daryn.kz/kk/tarih-ata-kz/

Олимпиаданы ұйымдастырушы: «Дарын республикалық ғылыми-практикалық орталығы

Жамбыл облысы әкімдігінің
білім басқармасының «Жамбыл дарыны»
аймақтық ғылыми-практикалық орталығы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Сайтты әзірлеу
Semstar