МЕНЮ

Республикалық «Абай оқулары» шығармашылық конкурсының облыстық кезеңі

2026 жылдың 29 сәуір күні жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында республикалық «Абай оқулары» конкурсының облыстық кезеңі Абай атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын мектеп-гимназиясының базасында өтеді.

Конкурстың мақсаты – қазақ халқының әдеби мұраларын дәріптеу, мектеп оқушыларының классикалық әдебиеттерді оқуға деген қызығушылықтарын арттыру.

Конкурстың міндеті: Абай және Шәкәрім шығармаларындағы эстетикалық талғам мен тұлғалық қасиетті насихаттау, ұлылар поэзиясына, ұлттың рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Конкурс қатысушылары

Байқауға облыстың жалпы білім беру ұйымдарының 8-11 сынып оқушылары қатыса алады. Бес номинация бойынша аудандық/қалалық кезеңде жеңімпаз атанған 5 оқушы (әр номинацияға – 1 оқушы) қатысады.

Абай оқулары 5 номинация бойынша өтеді:

1. «АБАЙДЫҢ АСЫЛ МҰРАСЫ» - Абай өлеңдері мен қара сөздерін жатқа оқу номинациясы;

2. ⁠«АБАЙДЫҢ АҚЫН ШӘКІРТТЕРІ» - Шәкерім Құдайбердіұлы, Ақылбай Абайұлы, Мағауия Абайұлы шығармаларын жатқа оқу номинациясы;

3. «ӘНДІ СҮЙСЕҢ МЕНШЕ СҮЙ» - Абай және Шәкәрім, Ақылбай әндері мен күйлерін орындау шеберлігі номинациясы;

4. «ӨЛЕҢГЕ ӘРКІМНІҢ-АҚ БАР ТАЛАСЫ» - оқушылардың өз өлеңдерін оқу номинациясы;

5. «СӨЗ ӨНЕРІНДЕГІ ҰЛЫ АБАЙ БЕЙНЕСІ» - Абай туралы көркем туындыларды толық білу, талдау жасау номинациясы.

Байқаудың облыстық кезеңін ұйымдастырушы: Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Жамбыл дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығы

Жамбыл облысы әкімдігінің
білім басқармасының «Жамбыл дарыны»
аймақтық ғылыми-практикалық орталығы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Сайтты әзірлеу
Semstar