2026 жылдың 5 мамыр күні жалпы білім беретін мектеп оқушыларының арасында «Мағжан оқулары» республикалық ғылыми-шығармашылық конкурсының облыстық кезеңі өтетіндігін хабарлайды.
Мағжан оқуларының негізгі мақсаты - қазақ халқының әдеби мұраларын дәріптеу, мектеп оқушыларының классикалық әдебиеттерді оқуға деген қызығушылықтарын арттыру.
Мағжан оқуларының негізгі міндеттері – ақын шығармаларындағы эстетикалық талғам мен тұлғалық қасиетті насихаттау, ұлылар поэзиясына, ұлттың рухани мұрасын меңгертіп, оқушылардың интеллектуалды пайым-парасатын арттыру.
Конкурс қатысушылары
Мағжан оқуларына білім беру ұйымдарының барлық типтері мен түрлерінің 8-11 сынып оқушылары қатыса алады. Байқау талабына сай ІV номинация бойынша өтеді.
Мағжан оқулары 4 номинация бойынша өтеді:
1. «ӨЛЕҢ – МЕНІҢ ШОЛПАНЫМ, АЙЫМ, КҮНІМ» - Мағжан шығармаларын жатқа оқу номинациясы;
2. «ЖАСЫНАН ОҚУ ОҚЫП, ӨНЕР ҚУҒАН...» - ғылыми жоба қорғау жұмысы номинациясы;
3. «АҚЫН ДА БІР БАЛА ҒОЙ АЙҒА ҰМТЫЛҒАН» - жас дарындар номинациясы;
4. «БӘРІНЕН ДЕ СЕН СҰЛУ» - Мағжанның әндерін орындау номинациясы.
Ескерту: Республикалық «Мағжан оқулары» ғылыми-шығармашылық конкурсының бұрынғы жеңімпаздары бұл байқауға қатыса алмайды.
Байқаудың облыстық кезеңін ұйымдастырушы: Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Жамбыл дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығы