МЕНЮ

Республикалық «Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасы өтеді

«БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» Халықаралық қоғамдық қоры мен «Дарын» РҒПО-ның ұйымдастыруымен 2026 жылдың 10-12 мамыр күндері аралығында Астана қаласы, «NURORDA» мектеп-лицейінде республикалық «Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасы өтеді.

Олимпиаданың мақсаты – мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, қазақ халқының мәдени, әдеби және рухани қазыналарын кеңінен насихаттау және оқушылардың шығармашылық, ізденушілік қабілеттерін, мәдени дүниетанымын дамыту.

Жамбыл облысынан республикалық олимпиадаға 7-11 сынып оқушылары арасынан 5 бағыт (қазақ тобы, өзге ұлт өкілдері тобы) бойынша облыстық кезеңнен жеңімпаз атанған 9 оқушы қатысады.

Облыс оқушыларына сәттілік тілейміз!

Жамбыл облысы әкімдігінің
білім басқармасының «Жамбыл дарыны»
аймақтық ғылыми-практикалық орталығы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Сайтты әзірлеу
Semstar