Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Жамбыл дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті және «El Umiti» корпоративтік қорының ұйымдастыруымен ауыл мектептерінің 6-сынып оқушыларына арналған «Мың бала» Ұлттық зияткерлік олимпиадасының ІІ кезеңінің өтетінін хабарлайды.
Аталған олимпиадаға Жамбыл облысы бойынша барлығы 530 оқушы қатысады.
Олимпиаданың өткізілу күні: 2026 жылғы 28 сәуір.
Өтетін орны: Тараз қаласы және Шу ауданының «U-STUDY» аймақтық тестілеу орталығында.
