2026 жылдың 29 қыркүйек күні жалпы білім беретін мектептердің 8-11 сынып оқушылары арасында республикалық «Махамбет оқулары» байқауының облыстық кезеңі өтеді.
Байқаудың мақсаты мен міндеті:
Мектеп оқушылары арасында Махамбеттің ұлтына ұран болған рухы биік туындыларын насихаттау;
Олардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын дамыту, тарихи санасы мен танымдарын,ізгілікке, демократияға және азаматтыққа бағдарланған дүниетанымдары мен сана – сезімдерін, өмірлік айқындамаларын қалыптастыру.
Байқау 5 номинация бойынша жүргізіледі:
«Ұлы арман» Махамбет шығармаларынан иллюстрациялық суреттер салу номинациясы;
«Ел құтқарар ер едім» Махамбет шығармаларын жатқа оқу номинациясы;
«Шашақты найза, шалқар күй» Махамбет күйлерін орындау номинациясы;
«Тартынбай сөйлер асылмын» жас ақындардың өз туындыларын мәнерлеп оқу номинациясы;
«Біз неткен ер, неткен ер? Сергелдеңнен өткен ер» «Хандар мен ел билеушілер», «Батырлар» тақырыбының бірін қорғау номинациясы.
Байқаудың облыстық кезеңін ұйымдастырушы: Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Жамбыл дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығы