МЕНЮ

Республикалық «Ақберен» өнер байқауының облыстық кезеңі

2026 жылдың 21 қазан күні жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында республикалық «Ақберен» өнер байқауының облыстық кезеңі Тараз қаласының білім бөлімінің №69 орта мектебінің базасында өтеді.

Байқаудың мақсаты – қазақ тілі мен ұлттық өнерді құрметтейтін, шығармашылық ойлайтын, ойын дәлелді әрі көркем жеткізе алатын дарынды оқушыларды анықтау, қолдау және олардың шығармашылық дамуына жағдай жасау.

Конкурс қатысушылары

Байқауға облыстың жалпы білім беру ұйымдарының 8-11 сынып оқушылары қатыса алады. Алты номинация бойынша аудандық/қалалық кезеңде жеңімпаз атанған 6 оқушы (әр номинацияға – 1 оқушы) қатысады. 

Конкурс 6 номинация бойынша өтеді:

  1. «Шешендік өнер және сөз сайысы»;

  2. ⁠«Көркемсөз оқу өнері»;

  3. «Эссе және әдеби ойлау»;

  4. «Ұлттық аспапта орындау»;

  5. «Ақындар айтысы»;

  6. «Ақындар мүшәйрасы».

Байқаудың облыстық кезеңін ұйымдастырушы: Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Жамбыл дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығы

Жамбыл облысы әкімдігінің
білім басқармасының «Жамбыл дарыны»
аймақтық ғылыми-практикалық орталығы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Сайтты әзірлеу
Semstar