МЕНЮ

2026 жылдың 21 қазан күні 9-10 сынып оқушыларына арналған жас тарихшылардың «Менің шағын Отаным» атты республикалық интеллектуалдық конкурсының облыстық кезеңі өтеді

2026 жылдың 21 қазан күні Жамбыл облысы, Тараз қаласында жас тарихшылардың «Менің шағын Отаным» атты республикалық интеллектуалдық конкурсының облыстық кезеңі өтеді.

Бұл байқау – жас ұрпақтың туған жер тарихына, мәдениеті мен рухани құндылықтарына деген қызығушылығын оятып, зерттеу және шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған маңызды білім беру жоба болып табылады. Конкурс арқылы оқушылар өз өлкесінің тарихын зерделеп, елдің дамуына үлес қосқан тұлғалар мен тарихи оқиғаларды таныстырып қана қоймай, өңірдің келешегін көздейтін жобалық идеяларыда ұсынылады.

Қатысушылар екі тур бойынша сыналады: бірінші турда «Қазақстан тарихы» пәнінен онлайн-тест тапсырады, ал екінші турда өздерінің ғылыми зерттеу жобаларын қорғайды.

Жас тарихшыларымызға сәттілік тілейміз!

Жамбыл облысы әкімдігінің
білім басқармасының «Жамбыл дарыны»
аймақтық ғылыми-практикалық орталығы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Сайтты әзірлеу
Semstar