2026 жылдың 31 қазан – 2 қараша аралығында Жамбыл облысы, Тараз қаласында, Дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» лицей-интернаты базасында жас тарихшылардың «Менің шағын Отаным» атты республикалық интеллектуалдық конкурсы өтеді.
Бұл байқау – жас ұрпақтың туған жер тарихына, мәдениеті мен рухани құндылықтарына деген қызығушылығын оятып, зерттеу және шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған маңызды білім беру жоба болып табылады. Конкурс арқылы оқушылар өз өлкесінің тарихын зерделеп, елдің дамуына үлес қосқан тұлғалар мен тарихи оқиғаларды таныстырып қана қоймай, өңірдің келешегін көздейтін жобалық идеяларыда ұсынылады.
Қатысушылар екі тур бойынша сыналады: бірінші турда «Қазақстан тарихы» пәнінен онлайн-тест тапсырды, ал екінші турда өздерінің зерттеу және шығармашылық жобаларын қорғайды.
Байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен 100-ден аса оқушы қатысады.
Ұйымдастырушылар: ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы, Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы, «Жамбыл дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығы.