Ауыл мектептері оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың басты мақсаты – еліміздің шалғай аймақтарындағы және ауылдық жерлердегі дарынды балалардың қабілетін анықтап, оларды қолдау және дамыту.
Ауыл мектептерінің 9-11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың ІІІ (облыстық) кезеңі аудан орталықтарындағы тірек мектеп базаларында 2026 жылдың 28-29 қазан күндері өтеді. Ағымдағы жылдың 30 қазан күні (онлайн форматта) аппеляция өтеді.