2026 жылдың 11 қараша күні Тараз қаласы, «Konaev Smart School» мектебінің базасында жалпы білім беретін мектептердің 8-11 сынып оқушылары арасында «Қазақтың біртуар ұлы – Дінмұхамед Қонаев» облыстық шығармашылық байқауы өтеді.
Байқаудың мақсаты мен міндеті: аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың өмірі мен шығармашылығын, еңбек жолын кеңінен насихаттау, өскелең ұрпақты ұлттық патриотизм мен еңбексүйгіштікке баулу арқылы жастардың шығармашылығын шыңдау, ары қарай дамуына жол ашу.
Байқау ІІІ бағыт бойынша ұйымдастырылады:
«Қазақтың біртуар ұлы – Дінмұхаммед Қонаев» атты ғылыми жоба бағыты;
«Дара тұлға ізімен» атты эссе бағыты;
«Дана тұлға, дара тұлға – Д.А.Қонаев» атты жас ақындар мүшәйрасы бағыты;
Байқаудың облыстық кезеңін ұйымдастырушы: Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Жамбыл дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығы және Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінің Д.А.Қонаев орталығы