МЕНЮ

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңі 2026 жылдың 20 қарашасы күні өтеді

Жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңі 2025 жылдың 20 қарашасында Облыстық білім басқармасына қарасты Абай атындағы мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын мектеп-гимназиясының базасында өткізіледі.

Ғылыми жоба конкурсының мақсаты: Ең талантты және дарынды жас зерттеушілерді іріктеу және оларға қолдау көрсету, сонымен қатар оқушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметін ынталандырып, зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға ықпал ету.

Жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жобалар конкурсына аудандық, Тараз қаласының және облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған білім беру ұйымдарының оқушылары қатысады.

Конкурс 19 секция 2 бағыт бойынша өткізіледі.

І бағыт - Жаратылыстану -математикалық пәндер бойынша

Секциялар:

1. Математика. Қолданбалы математика;

2. Экономика және қаржы; 

3. Физика.Инженерлік ғылымдар;

4. Робототехника.STEM;

5. Жер және ғарыш туралы ғылым.Астрономия;

6. Цифрлық жүйелер мен технологиялар.Есептеу нейроғылымы;

7. Креативті индустрия;

8. Химия.Қоршаған орта химиясы;

9. Биология және өмір туралы ғылымдар.Биохимия;

10. Экология;

11. География және туризм.

ІІ бағыт - Қоғамдық-гуманитарлық пәндер бойынша

Секциялар:

12. Тіл білімі(қазақ тілі)

13. Тіл білімі(орыс тілі)

14. Тіл білімі(ағылшын тілі)

15. Әдебиет(қазақ,орыс)

16. Әдебиет(орыс)

17. Тарих. Адам және қоғам;

18. Әлемдік мәдени мұра.Түркі тілдес елдер мен қазақ халқының мәдениеті 

Әлем халықтарының этнографиясы;

19. Әлеуметтік желілер және маркетинг.

Қатысушыларға сәттілік!

Жамбыл облысы әкімдігінің
білім басқармасының «Жамбыл дарыны»
аймақтық ғылыми-практикалық орталығы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Сайтты әзірлеу
Semstar