2026 жылдың 11 қараша күні «Жамбыл дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында «Эко күнтізбе» айдарында жоспарланған 2-7 сынып оқушыларына арналған «Табиғат лирикасы» тақырыбындағы шығармашылық байқауы «Жамбыл дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығының базасында онлайн форматта өткізіледі.
Мақсаты: Оқушылардың табиғаттағы көркем құбылыстарды сезіну қабілеттерін арттыру, ақындық өнері мен шығармашылық ойлау қабілетін дамыту.
Міндеттері: оқушылардың қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттыру, табиғатқа байланысты өзіндік шығармашылық өнерін дамыту, оқушыларды табиғатты қорғау қызметіне бейімдеу және туған өлке табиғатына оң экологиялық көзқарас қалыптастыру.
Қатысушыларға сәттілік!