МЕНЮ

«Маралтай Оқулары» шығармашылық байқауының облыстық кезеңі

2026 жылдың 25 қараша күні Абай атындағы мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын мектеп-гимназиясының базасында «Маралтай оқулары» шығармашылық байқауының облыстық кезеңі өтеді.

Байқаудың мақсаты – мектеп оқушылары арасында Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Маралтай Райымбекұлының шығармашылығын насихаттау, қайраткерлік тұлғасын өскелең ұрпаққа кеңінен мазмұндап, егемен еліміздің әдебиеті мен мәдениетіне үлес қосу.

Байқау ІІ номинация бойынша ұйымдастырылады:

  1. «Тарпаң мінезді Маралтай» - Маралтай Райымбекұлының өлеңдерін жатқа оқу номинациясы;

  2. «Жас ғасыр, жаңа замана» - жас ақындар номинациясы.

Байқаудың облыстық кезеңін ұйымдастырушы: Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Жамбыл дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығы

Жамбыл облысы әкімдігінің
білім басқармасының «Жамбыл дарыны»
аймақтық ғылыми-практикалық орталығы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Сайтты әзірлеу
Semstar