МЕНЮ

Жалпы білім беретін пәндер бойынша 7-8 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың екінші (аудандық/қалалық) кезеңі өтетіндігін хабарлаймыз!

2026 жылдың 2-ші желтоқсан күні: 7 сыныптарға сағат 10:00-де жаратылыстану-математикалық бағыты, сағат 14:00-де қоғамдық-гуманитарлық бағыты бойынша; 3-ші желтоқсан күні: 8 сыныптарға сағат 10:00-де жаратылыстану-математикалық бағыты, сағат 14:00-де қоғамдық-гуманитарлық бағыты бойынша өтетіндігін хабарлаймыз.

Жалпы білім беретін пәндер бойынша 7-8 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиада жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағытта өтетін болады.

Олимпиаданың негізгі мақсаты:

  • Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру;

  • Білімді терең меңгеруге және ізденуге ынталандыру;

  • Дарынды оқушыларды анықтап, қолдау көрсету;

  • Оқушылардың ойлау, талдау және шығармашылық қабілеттерін дамыту;

  • Білімді, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу;

  • Жас таланттардың болашақта үлкен жетістіктерге жетуіне жол ашу.

Ұйымдастырушылар: ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы, Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы, «Жамбыл дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығы.

Жамбыл облысы әкімдігінің
білім басқармасының «Жамбыл дарыны»
аймақтық ғылыми-практикалық орталығы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Сайтты әзірлеу
Semstar