МЕНЮ

2 - 8 сынып оқушыларына арналған «Зерде» республикалық зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстарының конкурсының облыстық кезеңі өтеді

2026 жылдың 3 желтоқсан күні Тараз қаласының білім бөлімінің Шерхан Мұртаза атындағы №30 мектеп-гимназиясы базасында 2 - 8 оқушыларына арналған «Зерде» республикалық зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстарының конкурсының облыстық кезеңі өтеді.

Конкурстың мақсаты – оқушылардың ғылымға қызығушылығын арттыру, зерттеу мәдениетін, шығармашылық және инженерлік ойлауын дамыту.

Конкурсты ұйымдастыру және өткізу тәртібі:

Конкурс төрт кезең бойынша өткізіледі:

I кезең – мектептік кезең, оны білім беру ұйымы өткізеді;

II кезең – аудандық (қалалық) кезең, оны тиісті білім бөлімі немесе ол уәкілеттік берген ұйым өткізеді;

III кезең – облыстық кезең, оны облыстардың, олар уәкілеттік берген дарынды балалармен жұмыс істейтін өңірлік орталықтар, сондай - ақ республикалық білім беру ұйымдары өткізеді; 

IV кезең – республикалық кезең, оны Қазақстан Республикасы Оқу - ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы (бұдан әрі – «Дарын» РҒПО) өткізеді. 

Конкурс осы Ережелердің 1 -қосымшасына сәйкес , мынадай секциялар мен жас санаттары бойынша өткізіледі:

1) «Бастауыш буын» санаты – 2 -4 сынып оқушылары;

2) «Орта буын» санаты – 5 -8 сынып оқушылары. 

Конкурс жеке немесе командалық болып табылатын екі түрдегі зерттеу жұмыстарын көздейді. Командалық жұмысты екі оқушы орындайды. Команда мүшелері бір жас санатына жатуы тиіс, олар әртүрлі сыныпта білім алатын жағдайда жұмыс үлкен сынып деңгейінің талаптары бойынша бағаланады.

Барлық қатысушыларымызға сәттілік тілейміз!

Жамбыл облысы әкімдігінің
білім басқармасының «Жамбыл дарыны»
аймақтық ғылыми-практикалық орталығы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Сайтты әзірлеу
Semstar