2026 жылдың 4 желтоқсан күні 9-11 (12) сынып оқушыларына арналған XІ республикалық «Шерхан Мұртаза оқулары» ғылыми-шығармашылық байқауының облыстық кезеңі Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің бас оқу ғимаратының базасында өтеді.
Байқаудың мақсаты – мектеп оқушылары арасында қазақтың халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Ш.Мұртазаның шығармаларын, қайраткерлік тұлғасын өскелең ұрпаққа кеңінен насихаттау, тәуелсіз ел руханиятындағы маңызын зерделеу, егемен еліміздің әдебиеті мен мәдениетіне үлес қосу.
Байқау қатысушылары
Байқауға облыстың жалпы білім беру ұйымдарының 9-11 (12) сынып оқушылары қатыса алады. Төрт номинация бойынша аудандық/қалалық кезеңде жеңімпаз атанған 4 оқушы (әр номинацияға – 1 оқушы) қатысады.
Байқау 4 номинация бойынша өтеді:
«Жүрекке жол тапқан жұлдыз көпір» номинациясы;
«Зау тұлға» номинациясы;
«Рух пен намыстың төресі» номинациясы;
«Шерхан Мұртаза мұрасы» (ғылыми жоба) номинациясында.
Байқаудың облыстық кезеңін ұйымдастырушы: Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Жамбыл дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығы