2026 жылдың 5 желтоқсан күні «Ана тілі» республикалық интеллектуалды қазақ тілі олимпиадасының облыстық іріктеу кезеңі Айша бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының базасында офлайн тест форматында өтеді.
Олимпиаданың мақсаттары мен міндеттері:
Қазақ тілін жастар арасында кеңінен дәріптеп, оны ғылым мен білімнің озық тіліне айналдыруға мүмкіндік туғызу.
Оқушылардың ауызша сөйлеу шеберлігін жетілдіру, ойларын еркін әрі сауатты жеткізе білуге бағыттау.
Оқушылардың жазбаша тіл шеберлігін дамытып, ойларын өзінің көзқарасымен сауатты, нақты және тиімді түрде жеткізе білуге жағдай жасау.
Тыңдалған ақпаратты дұрыс түсініп, негізгі ойды саралап және оны өз ойымен ұштастыра отырып жазу шеберлігін дамыту.
Олимпиадаға 9,10,11 сынып оқушылары топ болып (1 топта 3 оқушы) қатысады.
Олимпиада қазақ тілінде өтеді, қатысушыларға ұлтына, оқу тобына (қазақ немесе басқа), жынысына байланысты талап қойылмайды.
Іріктеу кезеңіне тіркелу ana.til.kz сайтында а.ж. 30 қарашасына дейін онлайн жүзеге асырылады. Сонымен қатар, іріктеу кезеңіне алғашқы тіркелген 80 топ қатыса алады. Іріктеу кезеңінен өткен үздік 3 топ республикалық кезеңіге жолдама алады.
Олимпиаданың облыстық іріктеу кезеңін ұйымдастырушы: «Білім инновация» Халықаралық қоғамдық қоры және Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Жамбыл дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығы