МЕНЮ

Хабарландыру

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2023 жылғы 16 қаңтардағы №21 бұйрығына сәйкес «Жамбыл дарыны»аймақтық ғылыми-практикалық орталығы Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдауды бастайтынын хабарлайды.

Ішкі талдау барысында:

- нормативтік-құқықтық актілер,
- мемлекеттік қызмет көрсету процестері,
- қаржылық және кадрлық рәсімдер қаралатын болады.

Ашықтық пен заңдылық – біздің басты қағидаттарымыз!
Құрметті ата-аналар, қызметкерлер және азаматтар!

Егер сіздерден  Жамбыл дарыны аймақтық ғылыми-практикалық орталығының  қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою немесе жұмыс сапасын жақсарту бойынша ұсыныстарыңыз болса, келесі байланыс арналары арқылы жолдауларыңызды сұраймыз.

Электрондық пошта: zhambyl@daryn.kz
Мекен-жайы: Тараз қаласы, Көшеков №52 үй

Біз мекеме қызметінің ашықтығы мен адалдығын қамтамасыз етуде сіздердің пікірлеріңізді ескеруге дайынбыз.

Өткізу уақыты: 03.04 - 30.30.2026 ж

«Жамбыл дарыны» аймақтық 
ғылыми-практикалық орталығы

Жамбыл облысы әкімдігінің
білім басқармасының «Жамбыл дарыны»
аймақтық ғылыми-практикалық орталығы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Сайтты әзірлеу
Semstar