МЕНЮ

2-7 сынып оқушыларының арасындағы «Зерде» республикалық зерттеу жобалары конкурсының облыстық кезеңі өтті

2024 жылдың 6 желтоқсан күні Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Жамбыл дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен 2-7 сынып оқушыларына арналған республикалық «Зерде» зерттеу жобалары конкурсының облыстық кезеңі Тараз қаласы білім бөлімінің Шерхан Мұртаза атындағы мектеп-гимназиясының базасында өтті.

Конкурстың мақсаты: балалардың зерттеу қызметінің дағдыларын дамыту, кіші және орта жастағы мектеп оқушыларының интеллектуалдық-шығармашылық әлеуетін ынталандыру болып табылады.

Конкурстың міндеті: зерттеу жұмыстарына қызығушылық танытқан қабілетті және дарынды оқушыларды анықтау, оларға қолдау көрсету, оқушылардың үздік жетістіктерін бағалау және насихаттау, қоғамның интеллектуалдық әлеуетін дамыту мәселесіне көпшіліктің назарын аудару.

Конкурстың нәтижесі бойынша І орынды - 28 оқушы, ІІ орынды – 32 оқушы, ІІІ орынды - 60 оқушы иеленіп, Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды.

Зерттеу жұмыстарының нәтижесі бойынша I орынды иеленген 28 оқушы конкурстың республикалық кезеңіне қатысуға жолдама алды.                   

Жамбыл облысы әкімдігінің
білім басқармасының «Жамбыл дарыны»
аймақтық ғылыми-практикалық орталығы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Сайтты әзірлеу
Semstar