Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Жамбыл дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылғы 22 қарашасында Тараз қаласы, Ш.Мұртаза атындағы мектеп-гимназиясының базасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңі өтті.
Ғылыми жоба конкурсының мақсаты: оқушылардың зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға ықпал ету, оқушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметін ынталандыру, ең талантты және дарынды зерттеушілерді іріктеу және қолдау, оқушылардың үздік зерттеу жетістіктері мен өнертабыстарын көрсету және насихаттау, оқушылардың зияткерлік әлеуетін дамыту мәселелеріне қоғамның назарын аудару және ғылыми-зерттеу ресурстарын тарту.
Конкурс екі тур бойынша өткізіледі.
Облыстық кезеңнің бірінші туры - жобаларды қорғау.
Облыстық кезеңнің екінші туры - тестілеу (желтоқсан айында).
Бірінші тур бойынша конкурсқа 16 секцияда 4 бағыт бойынша 486 оқушы, 403 жобамен қатысып бақтарын сынады.
Конкурс нәтижесі бойынша Іорынды - 27 оқушы, ІІ орынды - 87 оқушы, ІІІ орынды - 104 оқушы иеленіп, Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды.
Облыстық ғылыми жобалар конкурсының бірінші кезеңінің нәтижесі бойынша І, ІІ, ІІІ орындарды иеленген 218 оқушы конкурстың (екінші) тестілеу кезеңіне қатысуға жолдама алды.