2024 жылдың 19 қараша күні «Жамбыл дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында «Эко-күнтізбе» айдарында жоспарланған 2-7 сынып оқушыларына арналған «Табиғат лирикасы» тақырыбындағы шығармашылық байқауының облыстық кезеңі онлайн форматта өтті.
Байқаудың мақсаты: оқушылардың табиғаттағы көркем құбылыстарды сезіну қабілеттерін арттыру, ақындық өнері мен шығармашылық ойлау қабілетін дамыту.
Байқау екі бағыт бойынша ұйымдастырылды:
I бағыт - «Туған өлкем, табиғатың қандай көркем» бағыты – оқушылар өз туған өлкесіндегі табиғаттың көрінісінен алған әсерін бейнелеу.
II бағыт - «Жырлаймын сені, туған ел!» бағыты - туған өлке табиғатының әсемдігін, көркем құбылыстарын сипаттау мақсатында ақындық, шығармашылық қабілетін көрсету.
Облыстық байқауға аудандық, қалалық білім беру ұйымдарының 141 оқушысы қатысты.
Байқау қорытындысы бойынша 69 оқушы жеңімпаз атанып, I - орынды 11 оқушы, II - орынды 24 оқушы, III - орынды 34 оқушы иеленіп, жеңімпаз атанды.