Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Жамбыл дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 24 қазан күні Тараз қаласының білім бөлімінің оқушылар сарайының базасында жалпы орта білім беретін мектептердің 8-11 сынып оқушылары арасында республикалық «Ақберен» өнер байқауының облыстық кезеңі өтті.
Байқаудың мақсаты: 8-11 сыныптың шығармашыл оқушыларының гуманитарлық-эстетикалық ғылымдар саласында кәсіптік қызметін таңдауда шығармашылық қабілетін, өлең жазуын, тапқырлық қырын, дарынын танытуға қолдау көрсетіп, ары қарай дамуына жол ашу.
Өнер байқауына аудандық, қалалық білім беру ұйымдарының және облыстық білім басқармасына қарасты мекемелерден 82 оқушы қатысты.
Байқау 6 номинация бойынша өтті:
Байқаудың нәтижесінде I орынды - 6 оқушы, II орынды - 11 оқушы, III орынды - 18 оқушы иеленді.
Әр номинация бойынша I орынды иеленген жеңімпаз оқушылар «Ақберен» өнер байқауының республикалық кезеңіне жолдама алды.