МЕНЮ

XІ республикалық «Ақберен» өнер байқауында жеңімпаз атанды

2024 жылдың 13-15 қараша күндері Астана қаласында №9 «Зерде» мамандандырылған мектебінің базасында 8-11 сынып оқушыларына арналған шығармашыл оқушылар арасындағы XІ республикалық «Ақберен» өнер байқауы өтті.

Конкурстың мақсаты – шешендік өнер, әдебиет, дәстүрлі музыка және шығармашылық қабілеттерін дамытатын дарынды оқушыларды анықтау және қолдау, сонымен қатар, Қазақстанның мәдени мұрасын сақтау үшін патриотизм мен жауапкершілік сезімін ояту.

Байқауға Жамбыл облысынан 6 бағыт бойынша 6 оқушы қатысты.

Нәтижесінде ҚР Оқу-ағарту министрлігінің орта білім беру комитетінің І дәрежелі дипломын -1 оқушы, ІІІ дәрежелі дипломын - 3 оқушы иеленіп, бағалы сыйлықтар берілді.

Сонымен қатар, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ІІІ дәрежелі дипломымен Жамбыл облысының командасы марапатталды.

І ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ ИЕГЕРІ:

- Сейдакбарова Әсемай – Талас ауданы, А.Байтұрсынұлы атындағы гимназиясының 11 сынып оқушысы, «Ақындар айтысы» номинациясы бойынша жеңімпаз.

ІІІ ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ ИЕГЕРЛЕРІ:

- Мұрат Наурызбай – Т.Рысқұлов ауданы, Ә.Бөкейханов атындағы орта мектебінің 11 сынып оқушысы, «Көркемсөз оқу» номинациясы бойынша жеңімпаз;

- Бисенбай Алинұр – Т.Рысқұлов ауданы, М.Горький атындағы орта мектебінің 11 сынып оқушысы, «Эссе жазу» номинациясы бойынша жеңімпаз;

- Әли Абзал – Жамбыл ауданы, Төле би атындағы орта мектебінің 9 сынып оқушысы, «Ұлттық аспапта өнер көрсету» номинациясы бойынша жеңімпаз.

Өнерлі оқушыларымызды жеңістерімен құттықтаймыз!

Жамбыл облысы әкімдігінің
білім басқармасының «Жамбыл дарыны»
аймақтық ғылыми-практикалық орталығы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Сайтты әзірлеу
Semstar