2024 жылдың 15 қараша күні «Жамбыл дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығы Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының «Шерхантану» орталығымен бірлесе ұйымдастыруымен Ш.Мұртаза атындағы ХТИИ-нің бас оқу ғимаратының базасында дәстүрлі ІХ республикалық «Шерхан Мұртаза оқулары» ғылыми-шығармашылық байқауының облыстық кезеңі өтті.
Байқаудың мақсаты - мектеп оқушылары арасында қазақтың халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Ш.Мұртазаның шығармаларын насихаттау, қайраткерлік тұлғасын өскелең ұрпаққа кеңінен мазмұндап, тәуелсіз ел руханиятындағы маңызын зерделеу, егемен еліміздің әдебиеті мен мәдениетіне үлес қосу.
Байқау 5 номинация бойынша өткізілді. І номинация - «Жүрекке жол тапқан жұлдыз көпір», ІІ номинация - «Рух пен намыстың төресі», ІІІ номинация - «Зау тұлға», ІV номинация - «Жұлдызы нұрлы суреткер», V номинация - «Шерхан Мұртаза мұрасы».
Облыстық кезеңге Жамбыл облысының барлық аудандары мен Тараз қаласынан және білім басқармасына қарасты облыстық мекемелерден 70 үміткер қатысты.
Байқаудың нәтижесі бойынша I орынды - 7 оқушы, II орынды - 11 оқушы, III орынды - 15 оқушы иеленіп, бағалы сыйлықтармен марапатталды.