МЕНЮ

«Қазақтың біртуар ұлы - Дінмұхамед Қонаев» облыстық шығармашылық байқауы өтті

2024 жылдың 20 қараша күні «Жамбыл дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығы Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінің Д.А.Қонаев орталығымен бірлесе Тараз қаласы, «Konaev Smart School» мектебінің базасында жалпы білім беретін мектептердің 8-11 сынып оқушылары арасында «Қазақтың біртуар ұлы - Дінмұхамед Қонаев» облыстық шығармашылық байқауы өтті.

Байқаудың мақсаты - аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың өмірі мен шығармашылығын, еңбек жолын кеңінен насихаттау, өскелең ұрпақты ұлттық патриотизм мен еңбексүйгіштікке баулу арқылы жастардың шығармашылығын шыңдау, ары қарай дамуына жол ашу.

Байқау 3 бағыт бойынша өткізілді:

- «Қазақтың біртуар ұлы - Дінмұхамед Қонаев» ғылыми жоба бағыты;

- «Дара тұлға ізімен» атты эссе бағыты;

- «Дана тұлға, дара тұлға - Д.А. Қонаев» атты жас ақындар мүшәйрасы бағыты.

Облыстық байқауға Жамбыл облысының барлық аудандары мен Тараз қаласынан және білім басқармасына қарасты облыстық білім беру ұйымдарынан 45 оқушы қатысты.

Байқаудың нәтижесі бойынша I орынды - 3 оқушы, II орынды - 6 оқушы, III орынды - 10 оқушы иеленіп, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Жамбыл облысы әкімдігінің
білім басқармасының «Жамбыл дарыны»
аймақтық ғылыми-практикалық орталығы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Сайтты әзірлеу
Semstar