МЕНЮ

Республикалық «Төлеген Айбергенов оқулары» байқауының облыстық кезеңі

2024 жылдың 12 желтоқсан күні Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Жамбыл дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен Мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық орталықтың базасында жалпы білім беретін ұйымдардың 5-11 сынып оқушылары арасында республикалық «Төлеген Айбергенов оқулары»байқауының облыстық кезеңі өтті.

Байқаудың мақсаты - оқушылардың поэзияға, өнерге деген құштарлығын арттыру, өлең сөзінің құдіреті мен қуатын жанымен сезініп, жүрегімен түсіне білуге, ой-пікірлерін ғылыми тұрғыда дәйекті жеткізе алуға баулу. Жас талапкер ақындарға әлеуметтік рухани қолдау көрсетіп, шығармашылық жұмыс түрлерін жандандыру.

Байқауға аудандық, қалалық білім беру ұйымдарынан және облыстық білім басқармасына қарасты мекемелерден 65 оқушы қатысты.

Байқау 5 номинация бойынша өтті:

  1. «Өз ғасырым өзімнің иінімде...» өлеңдерін жатқа оқу;
  2. «Барады кең дүние әнге айналып» ұстаз-шәкірт боп ән орындау;
  3. «Жүрегімнің лапылдаған отымен» оқушы өз шығармасын оқу;
  4. «Толқиды бір кеудемде кернеген шер» эссе жазу;
  5. «Шын дос болсаң бір келіп сырласып кет» қолөнер мен бейнелеу өнері.

Байқаудың нәтижесінде Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының І дәрежелі дипломын - 5 оқушы, ІІ дәрежелі дипломын - 10 оқушы, ІІІ дәрежелі дипломын - 15 оқушы иеленіп, терең білімі үшін грамоталармен марапатталды. Сонымен қатар, барлық оқушыларға сертификаттар берілді.

Жамбыл облысы әкімдігінің
білім басқармасының «Жамбыл дарыны»
аймақтық ғылыми-практикалық орталығы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Сайтты әзірлеу
Semstar