Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Жамбыл дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 24 желтоқсан күні Абай атындағы мамандандырылған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын мектеп-гимназиясының базасында 9-11 сынып оқушылары арасындағы қазақ тілі мен әдебиетінен республикалық «Абайтану» олимпиадасының облыстық кезеңі өтті.
Олимпиаданың мақсаты - Абай шығармашылығын оқу арқылы көркемсөздің танымдық, тағылымдық, эстетикалық мән-маңызын түсініп, бейнеленген өмір құбылыстарын көркемдік тұрғыда қабылдауға қажетті білім, білік, дағдылар қалыптастыру.
Олимпиадаға аудандық, қалалық білім беру ұйымдарынан және облыстық білім басқармасына қарасты мекемелерден 53 оқушы қатысты.
Олимпиада 2 айналым бойынша өтті:
1-айналым: қатысушы Абай қарасөздері мен поэзиясы негізінде дайындалған тақырыптардың біріне эссе жазды (120 минут);
2-айналым: Абай өлеңдері, қарасөздері мен «Абай жолына» байланысты берілген тапсырмаларды орындады.
Олимпиаданың нәтижесінде Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының І дәрежелі дипломын - 6 оқушы, ІІ дәрежелі дипломын - 6 оқушы, ІІІ дәрежелі дипломын - 10 оқушы иеленіп, терең білімі үшін грамоталармен марапатталды. Сонымен қатар, барлық оқушыларға сертификаттар берілді.