МЕНЮ

Республикалық дәстүрлі «Ясауитану-2025» білім байқауының облыстық кезеңі өтті

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Жамбыл дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен 2025 жылдың 24 қаңтар күні Тараз қаласының білім бөлімінің №64 орта мектебінің базасында жалпы орта білім беретін мектептердің 6-11 сынып оқушылары арасында республикалық дәстүрлі «Ясауитану-2025» білім байқауының облыстық кезеңі өтті.

Байқаудың мақсаты мен міндеттері:

- Қазақ халқының рухани тұтастығын қалыптастырған Қожа Ахмет Ясауи бабамыздың хикметтерін насихаттау;

- Өскелең ұрпақты ұлы баба мұрасын терең меңгеріп, зерттеуге ынталандыру;

- Жас өркеннің интеллектуалдық пайым-парасатын арттыру;

- Жас буынды елдік санаға баулу;

- Ұлы баба өнегесімен шәкірттерді адамгершілікке, ізгілікке баулу;

- Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде жерленген тарихи тұлғалардың өмірі мен қызметін өскелең ұрпақтың бойына сіңіру;

- Тарихи-мәдени ескерткіштерді, жәдігерлерді насихаттау.

Білім байқауына аудандық, қалалық білім беру ұйымдарының және облыстық білім басқармасына қарасты мекемелерден 48 оқушы қатысты.

Байқау 2 кезең бойынша өткізілді:

1-кезең: Қожа Ахмет Ясауидің 40 хикметін еш мүдірмей, қатесіз жатқа айтып шыққан қатысушы ІІ кезеңге өтті;

2-кезең: Қожа Ахмет Ясауидің өмірі мен шығармаларына, хикметтердегі ұғымдарға, Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен ондағы жәдігерлерге, жерленген тұлғаларға, хикметтегі тірек сөздердің мән-мағынасына қатысты дайындалған сұрақтарға жауап берді.

Байқаудың нәтижесінде Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының Бас жүлдесін - 1 оқушы, І дәрежелі дипломын - 4 оқушы, ІІ дәрежелі дипломын - 4 оқушы, ІІІ дәрежелі дипломын - 6 оқушы иеленіп, терең білімі үшін 5 оқушы грамотамен марапатталды.

Сонымен қатар, барлық оқушыларға сертификаттар берілді.

Жамбыл облысы әкімдігінің
білім басқармасының «Жамбыл дарыны»
аймақтық ғылыми-практикалық орталығы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Сайтты әзірлеу
Semstar