Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Жамбыл дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен 2025 жылдың 7 ақпан күні Тараз қаласының білім бөлімінің Мұқағали Мақатаев атындағы №14 орта мектебінің базасында жалпы орта білім беретін мектептердің 7-11 сынып оқушылары арасында республикалық «Мұқағали Мақатаев оқулары» байқауының облыстық кезеңі өтті.
Байқаудың мақсаты - Республикалық жалпы білім беретін мектеп оқушыларының шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, тума талант, табиғи дарындарын анықтау.
Байқауға аудандық, қалалық білім беру ұйымдарынан және облыстық білім басқармасына қарасты мекемелерден 39 оқушы қатысты.
Байқау 3 номинация бойынша өтті:
Байқаудың нәтижесінде Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының І дәрежелі дипломын - 3 оқушы, ІІ дәрежелі дипломын - 6 оқушы, ІІІ дәрежелі дипломын - 10 оқушы иеленіп, терең білімі үшін грамоталармен марапатталды. Сонымен қатар, барлық оқушыларға сертификаттар берілді.