МЕНЮ

7-11 сынып оқушылары арасында облыстық «Бауыржан оқулары» байқауы өтті

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Жамбыл дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 14 ақпан күні Тараз қаласы, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Бауыржантану» ғылыми-зерттеу орталығының базасында орта білім беру ұйымдарының 7-11 сынып оқушылары арасында облыстық «Бауыржан оқулары» байқауы өтті.

Байқаудың мақсаты - даңқты қолбасшы, майдангер - жазушы Бауржан Момышұлының өмірі мен шығармашылығын кеңінен насихаттау, өскелең ұрпақты ұлттық ата-дәстүр рухына баулу арқылы жастардың шығармашылығын шыңдау, эстетикалық талғам мен тұлғалық қасиетті насихаттау. Рухани мәдени мұраларын келешек ұрпақтың санасында жаңғырту, тәуелсіз елдің дарындарын қалыптастыру. Жазушының шығармаларын насихаттай отырып, отанын сүйетін, білімді рухы берік азаматтарды тәрбиелеу.

Байқауға аудандық, қалалық білім беру ұйымдарынан және облыстық білім басқармасына қарасты мекемелерден 71 оқушы қатысты.

Байқау 5 номинация бойынша өтті:

  1. «Қайратыңа әдісіңді жолдас ет, әдісіңе ақылыңды жолдас ет...» - бағыты бойынша қатысушы жазба жұмысын орындау (ЭССЕ);
  2. «Алаштың айбыны – Бауыржан Момышұлы» - бағыты бойынша Б. Момышұлының шығармашылығындағы көркем ой толғамы мен ұлттық танымның ерекшеліктерін, ұлт руханиятындағы мәнмен сабақтастыра отырып, ғылыми зерттеу жоба әзірлеп, оны қорғау;
  3. «Сыр айтам саған, халқым, ұға білсең» - бағыты бойынша автордың туындыларынан үзіндіні жатқа оқу;
  4. «Томаға киген тау бүркіт» - бағыты бойынша жас ақындар Б. Момышұлына өздерінің арнау өлеңдерін оқу;
  5. «Ел дегенде еміреніп, жұрт дегенде жүгініп қызмет еткін!» - бағыты бойынша қатысушылар берілген тақырыптар бойынша, бір тақырыпты таңдап TEDx форматында өз идяларын ұсынып, тұжырым жасау.

Байқау нәтижесінде 5 бағыт бойынша І орынды - 5 оқушы, ІІ орынды - 11 оқушы, ІІІ орынды - 17 оқушы иеленіп, Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының дипломдарымен марапатталды.

Сонымен қатар, барлық қатысушыларға сертификат берілді.

Жамбыл облысы әкімдігінің
білім басқармасының «Жамбыл дарыны»
аймақтық ғылыми-практикалық орталығы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Сайтты әзірлеу
Semstar