МЕНЮ

Республикалық «Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасының облыстық кезеңі өтті

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Жамбыл дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығы және Дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының ұйымдастыруымен 2025 жылдың 21 ақпан күні Тараз қаласы, Дарында ер балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының базасында 7-11 (12) сынып оқушыларына арналған қазақ тілінен «Жарқын болашақ» республикалық қазақ тілі олимпиадасының облыстық кезеңі өтті.

Олимпиаданың мақсаты:

- мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту;

- қазақ халқының мәдени, әдеби және рухани қазыналарын кеңінен насихаттау;

- оқушылардың шығармашылық, ізденушілік қабілеттерін, мәдени дүниетанымын дамыту.

Олимпиаданың міндеттері:

- оқушылардың қазақ халқының тіліне, әдебиетіне, салт-дәстүріне, мәдениетіне деген қызығушылығын арттыру, қазақ халқының тарихын үйреніп, білуге ынталандыру;

- тұлғаның өз-өзін дамытуына, өзіндік және шығармашылық қабілеттерін жетілдіруіне жағдай жасау.

Олимпиадаға аудандық, қалалық білім беру ұйымдарынан және облыстық білім басқармасына қарасты мекемелерден 114 оқушы қатысты.

Олимпиада қазақ тілді (ұлты қазақ) және қазақ тілді емес (өзге ұлт өкілдері) 7-11 сынып оқушыларына арналған.

Олимпиада бес бағыт бойынша өткізілді:

1 - «Бейнелеушілер» (қазақ әдебиетіндегі шығармаларды комикс жанрында салу);

2 - «Білгірлер бәйгесі» (халық ауыз әдебиеті үлгілері бойынша сайыс);

3 - «Жас қаламгер» (жазбаша шығармашылық жұмыс);

4 - «Сөз шеберлері» (шешендік өнер, көпшілік алдында белгілі бір тақырыпта сөз сөйлеу);

5 - «Әнші бұлбұлдар» (ән айту).

Олимпиаданың нәтижесінде Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының І дәрежелі дипломын - 10 оқушы, ІІ дәрежелі дипломын - 20 оқушы, ІІІ дәрежелі дипломын - 33 оқушы иеленіп, терең білімі үшін грамоталармен марапатталды. Сонымен қатар, барлық оқушыларға сертификаттар берілді.

Жамбыл облысы әкімдігінің
білім басқармасының «Жамбыл дарыны»
аймақтық ғылыми-практикалық орталығы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Сайтты әзірлеу
Semstar