МЕНЮ

«Жыр алыбы - Жамбыл» республикалық жас ақындар айтысының облыстық кезеңі өтті

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Жамбыл дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен 2025 жылдың 27 ақпан күні Тараз қаласының білім бөлімінің Жамбыл атындағы №5 мектеп-гимназиясының базасында жалпы орта білім беретін мектеп оқушылары арасында Жамбыл Жабаевқа арналған «Жыр алыбы - Жамбыл» атты республикалық жас ақындар айтысының облыстық кезеңі өтті.

Айтыстың мақсаттары мен міндеттері:

- оқушылар арасында Жамбыл Жабаевтың шығармаларын насихаттау;

оқушылардың суырып салмалық қабілеттерін, тума талант, табиғи дарындарын анықтау;

- оқушылардың поэзияға деген құштарлығын арттыру, ауыз әдебиетінің рөлін, өлең сөзінің құдіреті мен қуатын жанымен сезініп, жүрегімен түсіне білуге үйрету;

- айтыскер жас ақындарға әлеуметтік-рухани қолдау көрсетіп, олармен шығармашылық жұмыс түрлерін жандандыру;

- осы айтысқа сәйкес жыр-терме айту үрдісін жаңғырту.

Айтысқа аудандық, қалалық білім беру ұйымдарынан және облыстық білім басқармасына қарасты мекемеден 18 оқушы қатысты.

Айтыс 2 номинация бойынша өтті:

  • Тақырыптық айтыс
  • Қайым айтыс

Айтыстың нәтижесінде Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының Бас жүлдесін - 2 оқушы, І дәрежелі дипломын - 2 оқушы, ІІ дәрежелі дипломын - 2 оқушы, ІІІ дәрежелі дипломын - 4 оқушы иеленіп, терең білімі үшін грамоталармен марапатталды. Сонымен қатар, барлық оқушыларға сертификаттар берілді.

Жамбыл облысы әкімдігінің
білім басқармасының «Жамбыл дарыны»
аймақтық ғылыми-практикалық орталығы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Сайтты әзірлеу
Semstar