Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Жамбыл дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен 2025 жылдың 14 наурыз күні Тараз қаласының білім бөлімінің Нарғозы Данаев атындағы орта мектебінің базасында жалпы орта білім беретін мектептердің 8-11 сынып оқушылары арасында республикалық «Ілияс Жансүгіров оқулары» байқауының облыстық кезеңі өтті.
Байқаудың мақсаты - мектеп оқушылар арасында Ілияс Жансүгіров шығармаларын насихаттау, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, тума талант, табиғи дарындыларын анықтау.
Байқауға аудандық, қалалық білім беру ұйымдарынан және облыстық білім басқармасына қарасты мекемелерден 63 оқушы қатысты.
Байқау 5 номинация бойынша өтті:
Байқаудың нәтижесінде Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының Бас жүлдесін - 4 оқушы, І дәрежелі дипломын - 4 оқушы, ІІ дәрежелі дипломын - 9 оқушы, ІІІ дәрежелі дипломын - 14 оқушы иеленіп, терең білімі үшін грамоталармен марапатталды. Сонымен қатар, барлық оқушыларға сертификаттар берілді.