МЕНЮ

Қанипа Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен республикалық олимпиадасының облыстық кезеңі өтті

2025 жылдың 17 наурыз күні Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Жамбыл дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен 9-11 сынып оқушылары арасындағы Қанипа Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен республикалық олимпиадасының облыстық кезеңі, Тараз қаласы, № 67 орта мектебінің базасында өтті.

Олимпиаданың мақсаты - Қазақстан Республикасының дарынды оқушыларын анықтау, дамыту және қолдау көрсету болып табылады. Оқушылардың қазақ тілі мен әдебиеті бойынша білімдерін жетілдіру мен тереңдету. Оқушылардың зияткерлік және шығармашылық қәбілеттерін дамыту.

Олимпиада екі айналымда өткізілді:

  • 1 айналым - жазбаша - эссе;
  • 2 айналым - ауызша - қазақ тілін, қазақ әдебиетінің шығармаларын, Қ.О. Бітібаеваның өмірбаянын, оның ғылыми мұрасын және публицистикалық еңбектерін білу бойынша сұрақ-жауап.

Байқауға аудандық, Тараз қалалық білім бөлімдері мен облыстық білім басқармасына қарасты дарынды балаларға арналған мамандандырылған білім беру ұйымдарынан жалпы саны 56 оқушы қатысты.

Олимпиада нәтижесінде 9-11 сынып бойынша І дәрежелі дипломды - 3 оқушы, ІІ дәрежелі дипломды - 6 оқушы, III дәрежелі дипломды - 12 оқушы иеленді. Сонымен қатар, терең білімімен ерекшеленгені үшін грамоталармен марапатталды.

Жамбыл облысы әкімдігінің
білім басқармасының «Жамбыл дарыны»
аймақтық ғылыми-практикалық орталығы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Сайтты әзірлеу
Semstar