2025 жылдың 2 сәуір күні Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармсыаның «Жамбыл дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен 5-8 сынып оқушылары арасында республикалық «ProEco» экологиялық жобалар конкурсының облыстық кезеңі Тараз қалалық білім бөлімінің № 64 орта мектебінің базасында өтті.
Конкурстың мақсаты – экологиялық мәселелерге қызығушылық танытатын, зерттеу қабілеті жоғары дарынды оқушыларды анықтау және қолдау.
Конкурстың міндеті:
- Оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру және белсенді өмірлік ұстанымын дамыту;
- Табиғи және жасанды экожүйелерді зерттеу мен сақтауға деген қызығушылықты қолдау;
- Оқушылардың интеллектуалдық және шығармашылық әлеуетін дамыту, туған өлкенің табиғатына құрметпен қарауды тәрбиелеу;
- Оқушыларды экологиялық бастамалар мен жобаларды іске асыруға тарту.
Экологиялық конкурсқа аудандық, Тараз қаласы және облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған білім беру ұйымдарының 84 оқушысы қатысты.
Қатысушылар «ProEco» экологиялық жобалар конкурсының ережесіне сәйкес 4 бағыт бойынша оқушылар жобаларын қорғап өз ойларымен бөлісті.
Конкурс қорытындысы бойынша 44 оқушы жүлделі орынмен марапатталып, Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының І дәрежелі дипломын - 5 оқушы, ІІ дәрежелі дипломын -15 оқушы және ІІІ дәрежелі дипломын 24 оқушы иеленді.
Сонымен қатар, конкурсқа қатысып, өз білімімен ерекшеленгені үшін 24 оқушыға грамота және барлық 84 қатысушыға сертификаттар табысталды.
Жас экологтарды жүлделі орындарымен құттықтаймыз!