2024 жылдың 28 қараша күні Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласында «Қадыр - Қазына» жобасы аясында ақын Қадыр Мырза Әлінің өлеңдерін жатқа оқудан жалпы орта білім беретін мектептердің мұғалімдері мен оқушылары арасында республикалық «Қадыр оқулары-2024» байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты - ақынның шығармашылығын насихаттау, оқушылардың поэзияға деген құштарлықтарын арттыру, ұстаздар мен оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру, ұстаздар арқылы қазақ әдебиеті кеңістігінің дамуына үлес қосу, әдеби тіл байлықтарын, көркем сөз оқу шеберлігін дамыту.
Байқау II кезең бойынша өтті:
I кезең – ұстаздар үшін. Қатысушы Қадыр ақын туралы көлемді мақала жариялап, авторлық бағдарлама жасау және ақынның 100 өлеңін жатқа білу;
II кезең – оқушылар үшін. Қатысушы алдын ала берілген тізімдегі ақынның 100 өлеңін жатқа айту.
Байқауға Жамбыл облысынан 1 оқушы, 1 педагог қатысты.
Байқаудың нәтижесі бойынша Меркі ауданы, М.Жылысбаев атындағы №14 жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы Жолшыбек Диас жүлделі III орынды иеленіп, жеңімпаз атанды және қаржылай сыйақы табысталды.
Сонымен қатар, Жамбыл ауданы, Антон Макаренко атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Кусёва Салтанат Жумабековна АРНАЙЫ ЖҮЛДЕ дипломымен марапатталды.
Жеңімпаз оқушы мен ұстазды құттықтаймыз!