МЕНЮ

«Ғылым әлемін ашамын» атты ғарыштық зерттеулер бойынша халықаралық ғылыми конкурсын 9-11 сәуір аралығында өтті

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «ҒЫЛЫМ ӘЛЕМІН АШАМЫН» КОНКУРСЫНАН ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНДАР ИЕЛЕНДІ

2025 жылдың 9-11 сәуір күндері Астана қаласында 9-11 (12) сынып оқушыларына арналған «Ғылым әлемін ашамын» атты ғарыштық зерттеулер бойынша халықаралық ғылыми конкурсы өтті.

Конкурстың мақсаты – дарынды оқушыларды анықтау және қолдау, сондай-ақ оларды ғарыштық технологиялар мен ақпараттық жүйелер саласындағы ғылыми-зерттеу қызметіне тарту.

Ғылыми жарыстар келесі секциялар бойынша өткізіледі:

> Ғарыштық техника және инфрақұрылым;

> Ғарыштық ақпараттық технологиялар және модельдеу;

> Күн жүйесі және ғарыш физикасы;

> Биология және ғарыштық медицина.

Конкурсқа Жамбыл облысынан 7 оқушы қатысып, 7 оқушы да жүлделі орындармен марапатталды!

IІ ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ ИЕГЕРЛЕРІ:

АБДУМАНАП АҚӘДІЛ, ХУСАИНОВА ЭМИЛИ - Дарынды балаларға арналған мамандандырылған ІТ лицей-интернатының 10 сынып оқушылары;

БОЛАТБЕК АРНҰР, ӘБДІҚАДІР ЕРАСЫЛ - Тараз қаласы, Керімбай  атындағы  №12 мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушылары.

IІI ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ ИЕГЕРЛЕРІ:

ТӘҢІРБЕРДІ НҰРДАУЛЕТ, САЙЛАУ ЗАҢҒАР - Дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицейінің 10 сынып оқушылары;

ТЕМІРЛАНҚЫЗЫ АЛТЫНАЙ - Тараз қаласы, Керімбай атындағы №12 мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы.

 Жас ғалымдарымызды жеңістерімен құттықтаймыз!

Жамбыл облысы әкімдігінің
білім басқармасының «Жамбыл дарыны»
аймақтық ғылыми-практикалық орталығы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Сайтты әзірлеу
Semstar