2025 жылдың 21 сәуір күні жалпы білім беретін мектептердің 7-8 сынып оқушылары арасында география пәнінен Ұлттық олимпиаданың облыстық кезеңі Тараз қаласының білім бөлімінің Жамбыл атындағы №5 мектеп-гимназиясының базасында өтті.
Олимпиаданың мақсаты - географиялық білімнің, дағдылардың және географиялық зерттеулер белсенділігінің сапасына назар аудара отырып, оқушылардың география пәнін тереңдетіп оқуға деген қызығушылығын арттыру.
Олимпиадаға аудандық, қалалық білім беру ұйымдарынан және облыстық мамандандырылған мектептерден 42 оқушы қатысты.
Олимпиаданың нәтижесінде 34 оқушы жеңімпаз атанып, І - орынды 4 оқушы, ІІ орынды 8 оқушы, ІІІ - орынды 13 оқушы иеленіп, терең білімімен ерекшеленгені үшін 9 оқушы грамотамен марапатталды.
Сонымен қатар, республикалық кезеңіне І дәрежелі дипломын иеленген 4 оқушы жолдама алды.
Жеңімпаз оқушыларды құттықтаймыз! Республикалық кезеңге сәттілік тілейміз!