2025 жылдың 21-25 сәуір күндері Көкшетау қаласында «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы ағылшын тілі пәні бойынша республикалық олимпиадасы өтті.
Республикалық олимпиадаға Жамбыл облысының 4 оқушысы қатысып, нәтижесінде 3 оқушы жеңімпаз атанып, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің І дәрежелі диплом және алтын медалін - 1 оқушы,IIІ дәрежелі диплом және қола медалін – 2 оқушы марапатталды.
І ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ ЖӘНЕ АЛТЫН МЕДАЛЬ ИЕГЕРІ:
* ШӘРІПБЕК ДАРЫН - Дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 10 сынып оқушысы.
ІІІ ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ, ҚОЛА МЕДАЛЬ ИЕГЕРЛЕРІ:
* АУЖАНОВ АМИР - Дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 10 сынып оқушысы.
* ЖАҚСЫЛЫҚ ДИНА - Тараз қаласы,№41 А.Пушкин атындағы гимназиясының 11 сынып оқушысы;
Жеңімпаз оқушыларды және оларды дайындаған мұғалімдерін жеңістерімен құттықтаймыз!