МЕНЮ

7-8 оқушыларына арналған республикалық жасөспірімдер олимпиадасының облыстық кезеңі өтті

2025 жылдың 29-30 сәуір күні «Жамбыл дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен 7-8 сынып оқушылары арасында жаратылыстану-математикалық, қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы пәндер бойынша республикалық жасөспірімдер олимпиадасының облыстық кезеңі Тараз қаласы, Қ.Тұрысов атындағы №53 мектеп-гимназиясының базасында өтті.

Олимпиаданың мақсаты - жалпы білім беретін пәндерді тереңдетіп оқытуға қызығушылығын арттыру, жоғары деңгейдегі олимпиадаларға жасөспірімдерді даярлау жүйесін жетілдіру.

Жасөспірімдер олимпиадасының облыстық кезеңіне жалпы білім беру ұйымдарынан  жаратылыстану-математикалық бағыттарындағы пәндерден - 225 оқушы, қоғамдық-гуманитарлық бағыттарындағы пәндерден - 200 оқушыға қатысты.

Қазылар алқасының шешімі бойынша 193 оқушы жеңімпаз атанды, оның ішінде І орынды - 22 оқушы, ІІ орынды - 53 оқушы, III орынды - 118 оқушы иеленді және терең білімімен ерекшеленгені үшін 42 оқушы грамотамен марапатталды.

Облыстық кезеңінің қорытындысы бойынша І орынды иеленген оқушылар олимпиаданың республикалық кезеңіне қатысуға жолдама алды.

Жеңімпаз оқушыларды жеңістерімен құттықтаймыз!

Республикалық кезеңге өткен оқушыларға сәттілік тілейміз!

Жамбыл облысы әкімдігінің
білім басқармасының «Жамбыл дарыны»
аймақтық ғылыми-практикалық орталығы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Сайтты әзірлеу
Semstar