МЕНЮ

5-8 сынып сынып оқушыларына арналған «ProEco» экологиялық жобалар конкурсының Республикалық кезеңі 28-30 сәуір аралығында өтті

Облыс оқушылары «Pro-Eco» экологиялық жобалар конкурсының республикалық кезеңінде жүлделі орындарға ие болды 2025 жылдың 28-30 сәуір күндері аралығында Астана қаласында «Pro-Eco» экологиялық жобалар конкурсының республикалық кезеңі өтті.

Конкурстың мақсаты – экологиялық мәселелерге қызығушылық танытатын, зерттеу қабілеті жоғары дарынды оқушыларды анықтау және қолдау.

Конкурс бағыттары:

«Туған өлке табиғаты» бағыты;«Мені қоршаған әлем – ғажайып әлем» бағыты; «Үздік экологиялық бастама» бағыты; «Таза қала сізден басталады»бағыты.

Конкурсқа Жамбыл облысынан 5 оқушы, 4 жобамен қатысып, 2 оқушы ІІІ дәрежелі дипломды иеленді. Сондай-ақ, 3 оқушы грамотамен марапатталды.

ІІІ ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ ИЕГЕРЛЕРІ:

Бақытжанқызы Назгүл - Байзақ ауданы, Көктал орта мектебінің 8 сынып оқушысы;

Сейдулла Гүлсезім - Рысқұлов ауданы, Ақтоған шағын орталықты орта мектебінің 7 сынып оқушысы.

ГРАМОТА ИЕГЕРЛЕРІ:

Жақан Нұрайым - Жамбыл ауданы, Қ.Сартбаев атындағы орта мектебінің 8 сынып оқушысы;

Кеңесбек Айару, Бекталы Асылай - Шу ауданы, С.Шәкіров атындағы орта мектебінің 7 сынып оқушылары.

Жас эколог оқушыларымызды жеңістерімен құттықтаймыз!

 

Жамбыл облысы әкімдігінің
білім басқармасының «Жамбыл дарыны»
аймақтық ғылыми-практикалық орталығы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Сайтты әзірлеу
Semstar