ЖАМБЫЛДЫҚ ОҚУШЫЛАР РЕСЕЙДЕ ӨТКЕН «АДАМ-ЖЕР-ҒАРЫШ» ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖОБАЛАРЫНЫҢ ХХV БҮКІЛРЕСЕЙЛІК ОЛИМПИАДАСЫНДА ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ.
2025 жылдың 20-27 сәуір күндері аралығында Мәскеу облысы, Королев қаласында «Адам-Жер-Ғарыш» қоршаған ортаны қорғау мәселесі бойынша ғылыми-зерттеу жобаларының ХХV-ші бүкілресейлік олимпиадасы өткізілді.
Олимпиаданың мақсаты – дарынды оқушылардың ғылыми-техникалық, шығармашылық қабілетін дамыту және қолдау, сондай-ақ оларды инженерлік-техникалық кәсіптерге баулу.
Олимпиада келесі номинациялар бойынша өткізілді: 1. Ғарышкерлер; 2. Ғарыш зертханасы; 3. Астрономия; 4. Адам және кеңістік; 5. Энергия және адам; 6. Физикалық зертхана; 7. Бағдарламалау; 8. Ақпараттық технология; 9. Біздің үйіміз – Жер; 10. Флора мен фауна; 11. Жерді сақтайық; 12. Мен тұратын қала.
Халықаралық олимпиадаға Жамбыл облысынан 23 оқушы қатысып, нәтижесінде 23 оқушының барлығы жүлделі орындарға ие болды.
I ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ ЖӘНЕ АЛТЫН МЕДАЛЬ ИЕГЕРЛЕРІ:
ДҮЙСЕН ДАНИАЛ, ПЕРНЕБЕК ТАЛАНТ, ӘМІРБЕК БЕКЖАС, СҮЙЕНІШБАЙ АЙСҰЛТАН, АЛҒАБЕКҚЫЗЫ ҰЛЖАН, СӘУІРӘЛІ ӘБІЛМАНСҰР - Дарынды балаларға арналған мамандандырылған ІТ лицей-интернатының 9-10 сынып оқушылары;
АКРАМХОДЖАЕВ АЛЬХОРЕСТ - Дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» лицей-интернатының 10 сынып оқушысы;
СЕЙСЕНБАЕВА МАЙЯ - Тараз қаласы, Ә.Бөкейханов атындағы №1 мектеп-гимназиясының 9 сынып оқушысы.