2025 жылдың 1-2 мамыр күндері аралығында Астана қаласында 7-11 (12) сынып оқушыларына арналған республикалық «Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасының қорытынды кезеңі өтті.
Олимпиадаға Жамбыл облысынан 10 оқушы қатысып, нәтижесінде 5 оқушы жүлделі орындарға ие болды және 4 оқушы грант иегері атанды.
ІІ ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ ИЕГЕРЛЕРІ:
- Серік Алихан - Қордай ауданы, №43 Б.Момышұлы атындағы орта мектебінің 7 сынып оқушысы;
- Хапаева Аминат - Жамбыл ауданы, Айшабибі орта мектебінің 9 сынып оқушысы.
ІІІ ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ ИЕГЕРЛЕРІ:
- Қанат Нұрғанат - Дарынды ер балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының 10 сынып оқушысы;
- Жұмаділ Раиымбек - Дарынды ер балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының 11 сынып оқушысы;
- Жұматай Әмина - Айша бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының 11 сынып оқушысы.
MIRAS EDUCATION университетінің гран иегері:
- Жұматай Әмина- Айша бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының 11 сынып оқушысы.
Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің грант иегерлері:
- Аппазова Тайисия, Эскараева Айдана - Кордай ауданы, №1 Д.Қонаев атындагы мектеп- гимназиясының 11 сынып оқушылары;
- Жұмаділ Раиымбек - Дарынды ер балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының 11 сынып оқушысы.
Олимпиада жеңімпаздарын жүлделі орындарымен құттықтаймыз!