МЕНЮ

Республикалық «Мағжан оқулары» ғылыми-шығармашылық байқауының облыстық кезені өтті

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Жамбыл дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен 2025 жылдың 6 мамыр күні Тараз қаласының білім бөлімінің Ш. Смаханұлы атындағы №44 орта мектебінің базасында 7-11 сынып оқушылары арасында «Мағжан оқулары» республикалық ғылыми - шығармашылық байқауының облыстық кезеңі өтті.

Байқаудың мақсаты – Қазақ халқының әдеби мұраларын дәріптеу, мектеп оқушыларының классикалық әдеби шығармаларды оқуға қызығушылықтарын арттыру.

Байқау 3 номинация бойынша өтті:

- «Өлең-менің Шолпаным, Айым, Күнім» Мағжан  шығармаларын жатқа оқу;
- «Жасынан оқу оқып, өнер қуған...» ғылыми жоба жұмысы;
- «Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған» жас дарындар, ақынға арнап жазған өздерінің шығармаларын, жатқа мәнерлеп оқиды.

Байқауға аудандық, қалалық білім беру ұйымдарынан және облыстық білім басқармасына қарасты мекемелерден 42 оқушы қатысты.

Байқаудың нәтижесінде Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының І дәрежелі дипломын - 3 оқушы, ІІ дәрежелі дипломын - 6 оқушы, ІІІ дәрежелі дипломын - 10 оқушы иеленіп, барлық қатысушыларға сертификат берілді.

Шығармашыл оқушыларды жүлделі орындарымен құттықтаймыз!

Жамбыл облысы әкімдігінің
білім басқармасының «Жамбыл дарыны»
аймақтық ғылыми-практикалық орталығы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Сайтты әзірлеу
Semstar