2025 жылдың 18-21 мамыр күні Астана қаласында «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен жалпы білім беретін пәндер бойынша 7-8 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың республикалық кезеңі өтті
Республикалық олимпиадаға Жамбыл облысынан 22 оқушысы қатысып, нәтижесінде ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының І дәрежелі дипломын 2 оқушы, ІІ дәрежелі дипломын 2 оқушы, ІІІ дәрежелі дипломын 3 оқушы иеленді және терең білімімен ерекшеленгені үшін 8 оқушы Грамотамен марапатталды.
Сонымен қатар, қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңінде Жамбыл облысының командасы жүлделі ІІІ орынды иеленіп, жеңімпаз атанды.
І ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ ИЕГЕРІ:
- СЕЙТБЕК АЯНА – Жамбыл ауданы, Б.Бесбаев атындағы мектеп-гимназиясының 7 сынып оқушысы;
- ТӨРЕХАН ЖАНИЯ – Қордай ауданы,№4 Б.Бөлтірікова атындағы мектеп-лицейінің 7 сынып оқушысы.
ІІ ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ ИЕГЕРІ:
- ЖАНАТ КАМИЛА - Шу ауданы, Жібек жолы мектеп-лицкйінің 7 сынып оқушысы;
- АББАЗОВА УМИДА – Тараз қаласы, №31 орта мектебінің 8 сынып оқушысы.
ІІІ ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ ИЕГЕРІ:
- АБРАШ АМИРАЛИ – Дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 7 сынып оқушысы;
- АБДИКЕРИМОВА КӘУСАР – Тараз қаласы, Қ.Тұрысов атындағы №53 мектеп-гимназиясының 8 сынып оқушысы;
- ЛИХАЧЕВА СОФИЯ – Тараз қаласы, №7 мектеп-гимназиясының 8 сынып оқушысы.
ГРАМОТА ИЕГЕРЛЕРІ:
- АСЕТ СҰЛТАН - Дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 7 сынып оқушысы;
- САРСЕМБИН АЛЕКСЕЙ – Талас ауданы, №1 мектеп-лицейінің 7 сынып оқушысы;
- КӨШКІМБАЙ ӘМИНА – Айша бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 7 сынып оқушысы;
- ЖУМАГУЛОВА АЙЛИН - Тараз қаласы, Төле би атындағы №8 гимназияның 7 сынып оқушысы;
- КӨШКІМБАЙ ӘЛИНУР – Дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 8 сынып оқушысы;
- АЯН ҚАЙСАР - Дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 8 сынып оқушысы;
- АПБАЗ ЕРНҰР – Дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 8 сынып оқушысы;
- МУСИН АБДУЛХАФИЗ – Дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 8 сынып оқушысы.
Жеңімпаз оқушыларды және жетекшілерін жеңістерімен құттықтаймыз!