2025 жылдың 20-21 мамыр күндері аралығында Маңғыстау облысы, Ақтау қаласында 8-11 сынып оқушылары арасындағы «Әбіш оқулары» республикалық ғылыми-шығармашылық конкурсы өтті.
Байқауға Жамбыл облысынан 4 бағыт бойынша 8 оқушы қатысты.
Нәтижесінде ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитетінің І дәрежелі дипломын - 1 оқушы, ІІ дәрежелі дипломын - 6 оқушы иеленіп, Жамбыл облысы командалық есепте ІІІ орын «ЕҢ ҮЗДІК КОМАНДА» номинациясымен марапатталды.
І ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ ИЕГЕРІ:
- ТАЛҒАТҚЫЗЫ НАЗЕРКЕ – Жуалы ауданы, №17 Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің 11 сынып оқушысы, «Ә.Кекілбаевтың шығармалары бойынша зерделеу жоба байқауы»бағыты бойынша жеңімпаз.
ІІ ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ ИЕГЕРЛЕРІ:
-БАТЫРХАН НҰРБОЛАТ - Шу ауданы, Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектебінің 9 сынып оқушысы, «Ә. Кекілбаевтың шығармаларынан (проза, поэзия) мәнерлеп оқу» бағыты бойынша жеңімпаз;
«Ә.Кекілбаев шығармаларынан сахналық қойылымы» бағыты бойынша Жуалы ауданы, №26 Жаңаталап орта мектебінің «Жас талант» тобы:
- МАХҰЛБЕК АЗАМАТ, 11 сынып оқушысы;
- НҰРМАХАН ТАҢАТАР, 10 сынып оқушысы;
- ӘЛІПБАЙ АЙҒАНЫМ, 10 сынып оқушысы;
- ӘБІЛДА КӘУСАР, 9 сынып оқушысы;
- ЗАМАНБЕК АЙБҮБІ, 8 сынып оқушысы жеңімпаз атанды.
Жеңімпаз оқушыларды құттықтаймыз!