МЕНЮ

Облыс командалары «Ана тілі» республикалық интеллектуалды қазақ тілі олимпиадасында жеңімпаз атанды

2025 жылдың 20-21 мамыр күндері аралығында Астана қаласы, «Spectrum» халықаралық мектебінің базасында «Ана тілі» республикалық интеллектуалды қазақ тілі олимпиадасы өтті.

Олимпиадаға Жамбыл облысынан 15 оқушы (5 команда) қатысып, нәтижесінде 9 оқушы (3 команда) жеңімпаз атанып, І дәрежелі дипломды – 3 оқушы, ІІ дәрежелі дипломды – 6 оқушы иеленді. Сонымен қатар, 1 оқушы грант иегері атанып, 2 команда номинациямен марапатталды.

І ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ ИЕГЕРЛЕРІ:

- «Алдаспан» тобы - Талас ауданы, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы гимназиясының 10 сынып оқушылары ҚАРАҚАТ ӘЛІЗАХ, БАЛАУСА ӘУЕЗ және 11 сынып оқушысы АЛИНА МАЙМЫШЕВА.

ІІ ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ ИЕГЕРЛЕРІ:

- «Мирас» тобы - Талас ауданы, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы гимназиясының 10 сынып оқушылары СЫНДЫБАЛА ӘМІРХАН, КӘУСАР ШАХЫМ, ЛУИЗА МАҚСҰТ;

- «Rukh shamy» тобы - Дарынды балаларға арналған мамандандырылған IT лицей-интернатының 10 сынып оқушылары АЯУЛЫМ БИМАХАН, БАЛАУСА БАЙБОЛАТ, ЭМИЛИ ХУСАИНОВА.

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БРИТАНДЫҚ "COVENTRY" УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ГРАНТ ИЕГЕРІ:

- АЛИНА МАЙМЫШЕВА - Талас ауданы, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы гимназиясының 11 сынып оқушысы, «Алдаспан» тобының мүшесі.

«БЕЛСЕНДІЛЕР» НОМИНАЦИЯСЫНЫҢ ИЕГЕРЛЕРІ:

- «Сұңқар» тобы - Тараз қаласы, В.П.Чкалов атындағы орта мектебінің 11 сынып оқушысы - АРАФАТ ИСМАЗОВ, 10 сынып оқушысы - МЕРЕЙ ТАЛҒАТҚЫЗЫ, 9 сынып оқушысы - АЙЫМ ӘУЕСХАН;

- «Жаңа толқын» тобы - Тараз қаласы, А.Пушкин атындағы №41 көпсалалы гимназиясының 9 сынып оқушылары ДАНА ЕСБЕРГЕН, АҚЕРКЕ ТІЛЕУБЕК, АРУЖАН БАКЕЕВА.

Жеңімпаз командаларды құттықтаймыз!

Жамбыл облысы әкімдігінің
білім басқармасының «Жамбыл дарыны»
аймақтық ғылыми-практикалық орталығы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Сайтты әзірлеу
Semstar