МЕНЮ

XIX халықаралық «Математика және жобалау» конкурсы өтті

XIX ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «МАТЕМАТИКА ЖӘНЕ ЖОБАЛАУ» КОНКУРСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

2025 жылдың 8-18 мамыр күндері аралығында ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен Ресей Федерациясы, Мәскеу қаласында XIX Халықаралық «Математика және жобалау» конкурсы онлайн форматта өтті.

Конкурсқа Жамбыл облысынан 8 оқушы қатысып, нәтижесінде І дәрежелі дипломды – 4 оқушы, ІІІ дәрежелі дипломды – 4 оқушы иеленді.

І ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ ИЕГЕРЛЕРІ:

- ЗАКІР ҚУАНЫШ, БАХЫТЖАН НАЗАНЕЛЬ - Дарынды балаларға арналған мамандандырылған ІТ лицей-интернатының 9 сынып оқушылары, «Математика в сфере защиты информации» секциясы бойынша жеңімпаздар;

- ПОПОВ ВАЛЕНТИН, ПАНКРАТОВ КИРИЛЛ - Тараз қаласы, №7 мектеп-гимназиясының 6 сынып оқушылары, Юниор (для учащихся 5-6 классов) номинациясы бойынша жеңімпаздар.

ІІІ ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ ИЕГЕРЛЕРІ:

- БАХЫТЖАН АМИРА, АЙНАБЕК ЖӘНІБЕК - Дарынды балаларға арналған мамандандырылған ІТ лицей-интернатының 9 сынып оқушылары, «Создание цифровых ресурсов и программирование» номинациясы бойынша жеңімпаздар;

- ИЛЬЯС АЯУЛЫМ – Дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» лицей-интернатынының 10 сынып оқушысы, «Геометрические миниатюры» номинациясы бойынша жеңімпаз;

- ДАУТАЛИЕВ ДАСТАН - Дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» лицей-интернатынының 7 сынып оқушысы, «Наука математика» номинациясы бойынша жеңімпаз.

Жамбыл облысы әкімдігінің
білім басқармасының «Жамбыл дарыны»
аймақтық ғылыми-практикалық орталығы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Сайтты әзірлеу
Semstar